Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері белгіленбеген орындарда суға түскені және су айдындарында спирттік ішімдік ішкені үшін 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы - 87000 теңге.
13 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 364-бабына сәйкес «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» бойынша жазаланды.
ҚР ӘҚБК 440-бабына сәйкес 11 адамға «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша айыппұл салынды.
Сонымен қатар, құтқарушылар Сайран көлінен 8 адамды құтқарды, оның екеуі — бала.
Алматы қаласының ТЖД жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және тек қаланың рұқсат етілген жағажайларында шомылуға кеңес береді.