Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл Сайран көлін абаттандыру, соның ішінде көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.
«Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Биыл шілде айында жобалық-сараптамалық жұмысқа қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Жағалау аймағын ретке келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту мәселесі қыркүйек айында аяқталады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі III тоқсанда Сайран көлінің түбін тазарту және абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмысына қаржы бөлу мәселесі қаралатынын жеткізді.