Алматыда «SCAT» әуе компаниясының ұшағы құстардың кесірінен ұша алмай қалды
17:06, 31 Шілде 2014
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «SCAT» әуе компаниясының Алматыдан Үржарға бағытталған ұшағы құстардың кесірінен ұша алмай қалды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«DV-791 рейсін орындау кезінде ұшу жолағымен келе жатқан әуе көлігі құстардың тобымен соғылысып қалды. Салдарынан ұшақтың алдыңғы бөлігі мен терезесі сынып, оң жақ винті зақымданды», - деді баспасөз қызметінен.
Ұшақ бортында 41 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған.
Қазір әуекомпаниясы жолаушылардың аттануы үшін қосымша ұшақ қарастыруда.