Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласын селден қорғау үшін жыл сайын 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығында Мәншүк Мәметова мұздығы маңайындағы № 6 көлде арнайы бақылау бекеттері жұмыс істейді. Бұл жерде «Мыңжылқы» және «Медеу» су тоспалары бар. Олардың сыйымдылығы 12,6 млн. текше метрді құрап отыр. Осының арқасында екі бірдей селді тоқтатуға болады.
«Қазіргі кезде № 6 көлде 15 адамнан құралған топ жұмыс істеп жатыр. Олар көл арнасын тазалап, оны кеңейту жұмыстарын атқаруда», - делінген министрліктің хабарламасында.