АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай ауданында сел жүру қаупі салдарынан Алматыдағы Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс шағын аудандары ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарғалы өзені - Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс ықшам аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі көзі болып саналады. Қарғалы өзенінің лайлануына байланысты өзеннен су алу тоқтатылды», - делінген Наурызбай ауданы әкімдігі таратқаен хабарламада.
Аудан басшылығы атап өткендей, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету уақытша шектетіледі. Қарғалы, Тау самалы, Құрамыс ықшамаудандарына су қаладан жеткізіледі. Оған коммуналдық қызметтердің арнайы су таситын көліктері жұмылдырылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.