«Алматы қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сел ағынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб құрды. Ол Алматы қаласы Достық даңғылы, 160 мекенжайы бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан (тел. 8 727 331 01 33). Штабта азық-түлік, киім және т.б. жиналады. Штабтың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін», делінген хабарламада. Сондай-ақ зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетушілер үшін RBK BANK, ИИК KZ 088210339812162864 есепшоты ашылған.
13:30, 24 Шілде 2015
Алматыда селден зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында есепшот ашылды - ҚР ІІМ ТЖК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін штаб құрылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.