«Алматы қаласы әкімінің 2015 жылдың 8-ші қыркүйегінде шығарылған №89-шы өкіміне сәйкес, Алматы қаласында селдік жағдайдың тұрақталып, қауіп-қатердің сейілуіне байланысты бүгін «Жоғары дайындық» режімі алынып тасталды», - делінген хабарламада.
Алматы қаласының азаматтық қорғанысы қызметінің аумақтық қосалқы жүйелерінің күштері мен құралдары күнделікті қызмет режіміне ауыстырылды.
Алматы қаласы мен облысында Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің алабында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ және сел тасқыны қаупі сейілді.