Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары 519 мың жол ережесін бұзу фактісін анықтады.
Салынған айыппұл мөлшері - 3,6 млрд теңге. Бүгінгі күні 2,2 млрд теңге өндірілді.
Ал, 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары арқылы 35 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Салынған айыппұл мөлшері - 4,2 млн теңге болған. Оның 111 млн теңгесі (26,5%) төленді.
Қазір қалада «Сергек» камерасының 414 посты құрылған, жыл соңына дейін тағы 362 камера пайда болады.