Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 404 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, оның 21-і Алматыға кіріп-шығатын жолдарға орнатылған.
«Сергек» камералары 10 айдың ішінде 650 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. 4,5 млрд теңгеге айыппұл салынды оның 2,6 млрд немесе 57,7% өндірілді. Сондай-ақ, модульдік полиция пунктілерін орнату жобасы өзін ақтады. Бұған дәлел — пунктілер орналасқан аудандардағы қылмыс деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар, бұл туралы жергілікті тұрғындар да айтып жүр»,– дейді Бақытжан Сағынтаев.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылады.
Олар 550 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 300 көлік және 250 жаяу бағыт бар.