Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, бұл канал арқылы шетелдік медициналық өнім жеткізіліп отырған.
«2018 жылы маусымда шетелдік «М» компаниясынан «Н» ЖШС мекенжайына әуе тасымалымен медициналық мақсаттағы қымбат бағалы бұйымдар жеткізілген.
Олар құжат бойынша үшінші тұлғаның атына тіркелген. Кедендік құны төмендетілген.
Жеткізілген тауардың кедендік құны 149 898, 81 евро (59 204 035,91 теңге) болса, кедендік төлемді түсірудің нәтижесінде кедендік төлем 11 414 538,13 теңгеге түскен», - деді қалалық МКД ішкі қауіпсіздік басқармасы.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 234-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.