деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы ел чемпионатының дүбірін қыздыруға Қазақстаннан - 3, Қырғызстаннан 2 команда қатыспақ. Олар - «Қайрат» (Алматы), «Ұшқын-Искра» (Астана), «Тұлпар» (Қарағанды) және «АУБ» пен «Фратон» (Бішкек) аяқдопшылары. Алматылық футболшылар бұған дейін қатарынан 6 рет ел чемпионы және 5 рет ел кубогының иегері атанған болатын. Алғашқы тур Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері қарағандылық «Тұлпар» мен бішкектік «АУБ» және ел чемпионы алматылық «Қайрат» пен бішкектік «Фратон» командалары арасындағы ойындармен басталады.
Жалпы былтырғы чемпионатта 4 команда өнер көрсеткен болатын. Онда 12 ойыннан кейін «Қайрат» (Алматы) - бірінші, «Ақтөберентген»(Ақтөбе) - екінші, «Тұлпар» (Қарағанды) - үшінші, «Аят» (Рудный) төртінші орын алған еді. Ал мергендер көшін қарсыластар қақпасын 33 рет дәл көздеген Николай Пенгрин (Тұлпар) мен Денис Самохвалов (Қайрат) бастаған болатын.