18:23, 17 Сәуір 2009
Алматыда шағын футболдан БАҚ арасындағы С. Бердіқұл атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 8-9-ы күндері бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан республикалық Сейдахмет Бердіқұл атындағы дәстүрлі турнир өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Штаттық ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Публицист, қоғам қайраткері және әйгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы бұл турнир биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 2008 жылдан бері ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті ұйытқы болып жүр. Бұл дүбірлі додаға үміткер командаларды тіркеу рәсімі биыл мамырдың 7-сінде өтеді. Оған 21 мен 60 жастың аралығындағы электронды және баспасөз басылымдарының қызметкерлері қатыса алады.