Оған "С" тобында өнер көрсететін Қазақстанның "Қайрат", Польшаның "Академия", Грузияның "Иберия-Стар", және Словакияның "Слов-Матик" командалары қатысады. Жоао Карлос Барбоза жаттықтыратын алматылықтар алғашқы ойынында Польша чемпионатының жеңімпазымен кездеседі. Одан кейін Словакия мен Грузия чемпиондарымен ойнайды. "Қайраттықтар" рейтингтік көрсеткішіне байланысты бұл додаға бірден жолдама алған еді.
Жалпы элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 12 қазанда ұйымдастырылған болатын. Алматылықтар өз тобында үздік шықса 10-28 қараша күндері өтетін элиталық кезеңдегі "А "(Португалияның «Бенфика», Сербияның «Экономац», Украинаның «Тайм», Хорватияның «Национал» (Хорватия), "В" (Ресейдің «ВИЗ-Синара», Әзірбайжанның «Араз», Италияның Монтесильвано», Кипрдің «АГБУ-Арарат»); "Д" (Испанияның «Мурсия», Португалияның «Спортинг», Чехияның «Хрудим», Румынияның «Тыргу-Муреш») топтарының жеңімпаздарымен 2001 жылдың сәуір айында «Төрттіктің финалында» кездеседі.
"Қайрат" бұған дейін 2008/2009 жылғы УЕФА кубогында қола жүлдегер атанған болатын. Қазақстан чемпионы 3-орын үшін 26 сәуірде Екатеринборда өткен сайыста Мәскеудің "Динамосынан" 1:0 есебімен басым түсті.
16:57, 17 Қараша 2010
Алматыда шағын футболдан УЕФА-ның 2010/2011 кубогының элиталық кезеңінің жарысы өтеді
АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шағын футболдан УЕФА-ның 2010/2011 кубогының элиталық кезеңінің жарысы өтеді.