Шахматшылар сайысы «Алматы қаласы шахматшылар одағының» ұйымдастыруымен «Дебют» шахмат клубында болады. Оған еліміздің жетекші шахматшылары мен шахматтан Республиканың ерлер және әйелдер құрамалары қатысады. Сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия шахматшылары келеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, бұл айтулы додаға алдын ала іріктеуден өткен 10 мектеп оқушысы да қатысатын болады. Олардың қатарында 8-14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпиондары Әбдімәлік Жансая мен Динара Сәдуақасовалар бар. Турнирдің құрметті қатысушысы ҰОС ардагері, Александр Невский орденінің иегері А. Скалковский болып отыр.