АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Қазақфильм» киностудиясында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
«Бүгін «Казахфильм» киностудиясы аумағында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейін аштық. Қаламыздың көрнекі мәдени орындары арасында оның лайықты орын алатындығына сенімдімін»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің twitter-дегі парақшасында.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.