Алматыда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі ашылды

АЛМАТЫ.Мамырдың 16-ы.ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда дәстүрлі VII «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шығармашыл жастардың кәсіби өсуіне ықпал жасауды мақсат тұтқан фестивальға қатысу үшін биыл әлемнің 30 елінен 466 өтініш түскен. Оның 65-і фестивалға іріктеліп алыныпты. Оның 9-ы - қазақстандық фильмдер. Сондай-ақ байқаудан тыс 10 фильмнің көрсетілімі болады. Фестиваль «Дебют», «Жастар киносы», «Студенттік кино» сынды 3 секция бойынша өтеді. Фестивальға қонақ ретінде ресейлік Егор Кончаловский, Сергей Астахов, Владимир Еремин, Ольга Прокопьева, Александр Самойленко сынды танымал жұлдыздар қатысуда. Олармен қатар Германиядан кинотанушы Ш. Ханс-Йозим, ирандық режиссер Бакиде Насер Али, Кореяның пусан фестивалінің үйлестірушісі Пак Сунг Хо сынды шетелдік танымал тұлғалар да фестиваль қонақтары болуда. Фестиваль 20 мамырға дейін жалғасады.