АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Шаляпин көшесінің кей учаскелерінде көліктердің жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«19 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында түнгі сағат 23:00 -ден таңғы сағат 06:00- ге дейін Шаляпин көшесінің бойы, атап айтқанда Береговой мен Щепеткова көшелерінің аралығы жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.
Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілді.
Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.