Алматыда жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған.
«Жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. 18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 06:00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі», - делінеді Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Жол жөндеу жұмыстары туралы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшалары, Almaty_Joly телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сондай-ақ, 2 GIS және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.Әкімдікте, сондай-ақ, қала тұрғындарын көлікпен жүретін бағытты алдын ала жоспарлап алуды сұрады.