Алматыда Шаляпин көшесінің тағы бір бөлігі жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Шаляпин көшесінің бойы, атап айтқанда Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейін ұзындығы 4 шақырымда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды.

«2 қыркүйек түнгі сағат 23:00-ден 3 қыркүйек таңғы 06:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің солтүстік қапталында Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара уақытша шектеледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар»,- деп хабарлады әкімдіктен.