Алматыда «шаңғы акробатикасы» бойынша фристайлдан жаттығулар басталды

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы «Табаған» спорт кешенінде бүгін «шаңғы акробатикасы» бойынша фристайлдан ресми жаттығу басталды,

деп хабарлады Азиаданың баспасөз қызметінен.

Ал спорттың бұл түрі бойынша басты жарыстар 31 қаңтар мен 1 ақпанда өтеді. Могул мен акробатика кіретін фристайл бойынша жарыстарға алты елдің - Корея, Жапония, Қытай, Моңғолия, Иордания және Қазақстанның командалары қатысады. Спорттың бұл түрінде ең үлкен командалар - Қазақстан мен Қытайдікі.

7-қысқы Азиялық ойындар ертең, 30 қаңтарда Астанада ашылады.