Алматыда Шаңырақ шағынауданындағы жер үйдегі өрт адам өмірін қиып кетті - ҚР ТЖМ

ТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда Шаңырақ шағын ауданындағы тұрғын үйде ірі өрт болды, адам шығыны бар.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт 21 тамыз күні таңсәріде шықты. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 13 адамы мен 4 техникасы тілсіз жауды 47 минутта ауыздықтап, 3 сағаттан кейін толығымен жойды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар оқиға орнында 74 жастағы қарттың мәйітін тапты.