4 жлтоқсан күні басталған сайысқа Алматы қаласынан «Алматы», Рудныйдан «Горняк» сынды екі ерлер командасы өнер көрсетіп жатса, әйелдер командасынан «Айбарша-Барыс» - Астана, «Алатау» - Алматы облысы, «Жұлдыз» Алматы қаласы командалары сынға түсуде.
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында толық жөндеу және ғимараттың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. Трибунадағы отыратын орындар 5 мыңға дейін кеңейтіліп, концерттік бағдарламалар өткізуге арналған партер жасалған. Сонымен қатар жаңа табло мен құрылғылар орнатылған.
Мамандардың айтуынша, мұз айдыны барлық әлемдік стандарттарға сәйкес және 7-нші қысқы Ойындардың салтанатты жабылуын өткізуге дайын болып қана қоймай, әйелдер хоккейінен біздің спортшыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сеп болады.