Алматыда Шекара аумағындағы сенімді нығайту және қарулы күштерді өзара қысқарту туралы аймақтық семинар басталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматыда Шекара аумағындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы және шекара аудандарындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Қытай Халық Республикасы арасындағы келісімдерді орындауда тәжірибе алмасу бойынша аймақтық семинар басталды ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сәуірдің 10-на дейін жалғасатын шара Бірлескен бақылау тобының 19-шы сессиясында қабылданған Қытай және бірлескен тарап (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) делегациялары басшыларының келісіміне сәйкес өткізілуде. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Болат Сембиновтың айтуынша, семинарда инспекциялық және хабардар ету қызметі, қарулы күштердің және бірлескен тарап шекара қызметінің және ҚХР-дың шекаралас бөлімдері арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланбақ. Аталмыш кеңес ҚХР-мен арадағы «Шанхай», «Мәскеу» келісімдерін орындау бойынша жұмыс істейтін орган болып табылатын бірлескен бақылау тобы бірінші сессиясының 10 жылдығына орай өткізілуде. Семинар жұмысында қатысушы мемлекеттердің делегациялары мен ҚР Қарулы күштері мен ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінің өкілдері басқосты.