Алматыда шетелдік қаржыларды салықтық бақылау тәртібі түсіндірілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Салық кодексіне енгізілген түзетулер мен жаңа нормаларға сәйкес, шетелдік қаржыларды салықтық бақылаудың жаңа тәртібі бойынша баспасөз брифингі болып өтті. Онда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев жаңа нормаларды түсіндіріп өтті.

«Енді шетелден қаржы алатын біздің отандастарымыз шетелдіктермен мәміле жасасқаннан кейін, 10 күн ішінде бұл туралы салық органдарына хабарлауы тиіс. Сонымен қатар, есептік тоқсаннан кейінгі 45 күн ішінде алынған қаржы сомалары мен олардың жұмсалуы туралы да мәліметтер беруге міндетті. Бұл, іске асырылып жатқан шаралар хабарламалық сипатқа ие, яғни салық төлеушілердің құқығын шектемейді. Ол шетелден қаржы алу және жұмсау рәсімдерін барынша ашық етуге бағытталған. Ал салық қызметкерлері өз кезегінде осы алынған мәліметтерге талдау жүргізіп, олардың нақтылығын тексеретін болады. Осылайша, біртіндеп шетелден қаржы-қаражат алатын тұлғалар туралы Қазақстанда бірыңғай электронды дерекқор жасалады», -   деді М. Сұлтанғазиев.