Қала ІІД мәіметтері бойынша, жол-көлік оқиғасы Алматының Әуезов ауданында болған. Белгісіз машинаның жүргізушісі Яссауи көшесімен оңтүстік бағытқа келе жатып, Науметов көшесінің қиылысында Яссауи көшесін батыс бағытта кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Бұл оқиға бойынша ақпарат Алматы ІІД-нің Жедел басқару орталығының кезекшісі пультіне сағат 21:20-да түскен. Оқиға орнына келген жедел -тергеу тобы және жол-торуыл полицейлері бірқатар шаралар жүргізді, соның нәтижесінде ЖКО-ның алдын ала мән-жайы анықталды. Бас-ми зақымын алған және басқа да көптеген сынықтар диагнозымен «жедел жәрдем» зардап шегуші ер адамды 7-ші қалалық клиникалық аурухананың оңалту бөліміне жеткізді», - деп хабарлады қала ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұл көлікке қазір іздеу салынды. Оқиғаның барлық жай-жапсары анықталуда. Полицейлер оқиға куәгерлерінің және бұл жөнінде қандай да бір ақпаратты білетін адамдардың бәрінің жоғары азаматтық белсенділік көрсетуін және жүргізуші мен автомашинаны іздеуге жәрдемдесулерін және 254-45-05, 254-47-39, ұялы 8-707-222-88-87, 8-701-588-84-44 немесе 102 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.