«Біз ешқандай арнайы рейд өткізбейміз. Бұл шетелдік нөмірлі көліктер күнделікті патруль кезінде жол қозғалысы ережелері бұзылған кезде тоқтатылады. Олар заң бойынша жауапқа тартылады», - деді Жандос Мұратәлиев.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бір жылдан астам уақыт болған Армения, Қырғызстан, Ресей нөмірлі көліктер заңнан тыс қалады деп хабарланған болатын. Заңға енгізілген бұл түзетулер «бөтен» нөмірі бар көлік иелерінің арасында үлкен наразылық тудырды.
Кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзге елде тіркелген автокөліктерге тыйым салуға қатысты пікір білдірді.