Қырғыз елінен, Өзбекстаннан, Ресейден келген шеберлер ағаштан, киізден жасалған өнімдерін, күміс бисер моншақтардан жасалған өнімдері, тастан жасалған кәдесыйлар, қолдан тоқылған кілемдерін жайып салды.
«Ай шебері» шатырында Бішкектен келген Тұрымбеков Шынарастың ақ балшықтан жасалған кәдесыйларын көруге болады.
Жәрмеңке жексенбі күні де жұмысын жалғастыратын болады.