Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, жаттығу жұмыстары Алматы маңындағы «Іле» оқу орталығының базасында өтеді. Оған негізенен «Қазбриг» бейбіт мақсаттағы бригадасы мен «Қазбат» батальонының жауынгерлері қатысады. Сондай-ақ аталмыш шараға АҚШ мен Ұлыбританияның әскерлері де атсалысады деп күтілуде.
Қазіргі таңда шетелдік әскерлер елімізге келіп, Іле полигонының аймағындағы жерлерге орналастырылуда. Жаттығуға мыңнан астам жауынгер қатыспақ. Олардың басым бөлігін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің сарбаздары құрап отыр.