АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шетелдік азаматтар коронавирусқа қарсы «Sputnik V» вакцинасын ақылы түрде жеке медициналық ұйымдарда ала алады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шетелдік азаматтар вакцинаны өз қаражаттары есебінен салдыртады. Егер қандай да бір ұйым олар үшін вакцина қүнын төлеуге ниет білдірсе, онда, әрине, бұған тыйым салынбайды», - деп жауап берді журналистердің сұрағына Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, бәрі үшін екпенің бағасы бір.
«Бағасы барлығына бірдей. Баға 8 025 теңгеден аспауы керек. 7 500 теңгеге де салдыруға болады, дегенмен зертханалардың көбі бағаны 8 025 теңге көлемінде ұстап тұр», - деді ол.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.