Алматыда шетелдікті әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қалаға дейін 33 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісі ұсталды. Бұл тұралы хостел иесі Шәкір Исламбакиев Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таксижүргізушісі табылды. Ақшаны қайтарды. Шетелдік бұл қаржыны WaterAid UK, ауыз су тапшылығымәселелерімен айналысатын компанияға аударды», - деп жазды Шәкір Исламбакиев.

Кәсіпкер БАҚөкілдеріне,әкімдікке, Visit Almaty, Алматы әуежайының баспасөз қызметіне жәнеполиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Сол күніәуежайда осы мәселе бойынша шұғыл жиын өтті. Себебі, таксистердің құрығына текжалғыз осы турист түскен жоқ. Жекеменшіктасымалдаушылар шетелдік қонақтарды алдап, ақшаларын қалталарына басады.Енді,бұған жол берілмейді. Әуежай аумағында арнайы ақпараттық тақта орнатылады.Онда такси қызметінің орташа тарифі жазылатын болады»,-деді ол.

Естеріңізгесала кетейік, такси жүргізушісі шетелдік азаматты әуежайдан қалаға дейін 33 мыңтеңгеге алып келген.


Соңғы жаңалықтар