Алматыда шілде айының 18-і мен тамыздың 25-і аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылы жартылай жабық болады

АЛМАТЫ. Шілденің 16-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Биылғы жылы шілде айының 18-і мен тамыздың 25-і күндері аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты квартал сайын Абай даңғылы және Жандосов көшесінен Достық даңғылына дейін қозғалыс тоқтатылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында Абай даңғылы кеңейтіліп, қауіпті жағдайда тұрған ағаштар алынатын болады.

Жолдардың жабылуы тоқсан сайын - шілденің 18-нен Абай даңғылы, сонымен қатар, Фурманов көшесінен Абай даңғылына дейінгі көше шамамен 8-10 күнге жабылатын болады. Одан кейін Желтоқсан көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі аралық, содан соң, Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықтағы қозғалыс тоқтатылатын болады.

Кейбір жол учаскелеріндегі жөндеу жұмыстар 2-3 күн, басқа жерлерде 8-10 күн жүргізілетін болады. Абай даңғылындағы күрделі жөндеу толығымен тамыз айының 25-і күні аяқталады деп жоспарлануда.