«Баламызды тапты, тапқаны туралы жаңа ғана хабарласты, мен өзім Астанада жүрмін, әлі көргенім жоқ. Қайдан, қалай табылғаны, қайда болғаны туралы қазір айта алмаймын. Ең бастысы, табылды. Баршаларыңызға рахмет», - деді Алматтың әкесі Сәбит.
Сонымен қатар, Алмат Қорғанның табылғаны туралы Фейсбук парақшасында оның ағайыны Амандық Әмірхамзин хабарлады
«Ініміз - АЛМАТ СӘБИТҰЛЫ ҚОРҒАН Алматы қаласынан табылды. Барлық ФБ-достарыма, әсіресе журналистер қауымына, Алматы және Талдықорған қалаларындағы еріктілер және барлық жанашыр жандарға, ақпаратты бөлісіп отырған танитын және танымайтын да ағайындарға, қысқаша айтқанда іздеуге ат салысқан жұртшылыққа өз және әулетіміз атынан АЛҒЫС айтқым келеді!», деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Алматыдағы «Көктем» шипажайында анасымен бірге емделіп жатқан 1993 жылы туған Алмат Қорған 2017 жылдың 6 шілдесі күні кешкі сағат 20-26-да «Көктем» шипажайы ауласынан шығып кеткеннен қайтып оралмаған болатын.