Екі облыстың тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 168 тоннадан астам азық-түлік жеткізіледі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 20 тонна сүт өнімдері, жеміс- жидек пен көкөніс 30 тонна, балық 13 тонна, бал 40 тонна, 25 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында («Ғылым ордасы» археология мұражайына қарама-қарсы).