Алматыда Шығыс айналма тас жолының оңтүстік бағытында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады
19:10, 26 Тамыз 2014
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2014 жылдың 26 тамызынан 3 қыркүйегіне дейін Шығыс айналма тас жолының оңтүстік бағыты бойынша автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылатын болады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық автокөлік жолдары Басқармасынан хабарлады.
«2014 жылдың 26 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Шығыс айналма тас жолының оңтүстік бағыты бойынша автокөлік қозғалысы күн сайын түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тоқтатылатын болады» - делінген хабарламада.
Бұл жерде Төле би көшесін ұзарту бойынша жол айрығының құрылымы монтаждалады. Айналып өту Балтабаев көшесі арқылы ұйымдастырылады.