«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 шілде күні кешкі сағат 21: 00-ден 7 шілде таңғы сағат 07:00-ге дейін Шығыс айналма автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесі дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі», - деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасынан.
Басқарма өкілдері келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауларын сұрайды.
Бұған дейін Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жазған болатынбыз.