Алматыда «Шылымсыз күн» фестивалі басталды

АЛМАТЫ. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы оқушылар сарайында  «Черлидерлер  түтінсіз мектеп үшін» әлеуметтік жобасы бойынша «Шылымсыз күн» фестивальі басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Черлидерлер  түтінсіз мектеп үшін» жобасы жастарға спорттық ойындарды насихаттау арқылы шылым шегуден бас тартқызу мақсатында жүргізіледі. 

естиваль барысында  Алматы қаласы мектептерінде 100 пайыздық түтінсіз орта және шылымсыз салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Қыздар және шылым», «Темекі және сенің  қалтаң» тақырыптарында дәріс оқылады. Сондай-ақ 20-дан астам  Алматылық Черлидерлер командасы мен қазақстандық эстарада әншілері қатысады деп күтілуде.

Шараны ұйымдастырушылар - Медеу ауданының әкімшілігі, ҚР черлидерлер федерациясы және «Шылым түтінінен арылған Қазақстан үшін» ұлттық ұйымы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба мектеп қабырғасындағы жастардың жаман қылықтардан арылып, спортқа деген ынтасын арттырады.