Алдымен оларға мерекелік ас берілді. Соңынан өнерпаз ардагерлерден құралған ансамбльдің концерті болды.
«Бүгінгі таңда Медеу ауданында 132 соғыс ардагері және Ленинград қоршауын бастан өткізген 3 мыңнан астам жан өмір сүреді. Олардың барлығына лайықты әлеуметтік көмек көрсетіледі. Енді жыл аяғына дейін кәсіпкерлердің демеушілігімен ардагерлерге арналған тағы бірқатар шаралар өткізіледі» - деді аудан әкімінің орынбасары Берік Сағынбеков.
«Мен Ақмола обысының тумасымын. 1943 жылы әскерге шақырылғанда 18 жаста болатынмын. Біз қазір Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызға бақыттымыз. Елбасының бізге жасап жатқан қамқорлығына шексіз ризамыз. Жастар әлеуметтік тұрақтылықтың қажырлы еңбекпен келетіндігін түсінулері керек. Сондықтан, елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты нығайтуға барынша күш салулары тиіс» - деді ҰОС ардагері Иван Пасюк.