деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен акцияға 200-ден аса қаланың мектеп-интернаттары мен Балалар үйінде тәрбиеленуші жас өскіндер қатысты. Оларға кітаптар мен журналдар табысталды.
«Бұл біздің дәстүрлі шара. Қала әкімдігі жыл сайын осы уақытта балаларға кітап сыйлайды. Ондағы мақсатымыз - балаларды кішкентай кезінен кітап оқуға баулу, үйрету болып табылады. «Білімнің көзі - кітапта» демекші, еліміздің ертеңгі болашағының жан-жақты білімді, көзі ашық болғанын қалаймыз», деді Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Жасұлан Тәжібаев.
Акция Мемлекеттік қуыршақ театры әртістерінің қойылымымен аяқталды.