деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны ҚР Шығармашылықтар одақтары конфедерациясының, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық қордың, "СаГа" баспасының, Қуандық Шаңғытбаев атындағы қоғамдық қордың бастамасымен және қолдауымын ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырды. Мақсат - Ш. Айтматов шығармашылығын мысалға ала отырып, елдің қазіргі мәдени өміріндегі әдебиетің ролі, оның еуразиялықтардың дүниетанымын қалыптастырудағы қоғамның рухани жаңаруына жәрдемдесетін мән-мағынасы туралы ашық әңгіме өрбіту.
"Әдебиет қоғамның дамуы және өз-өзін дұрыстап түсінуі үшін қажет. Өкінішке қарай, қазір жұрт кітапты онша көп оқымайды. Дәл осы кезеңде ұлы жазушылар біз үшін өте қажет. Ш. Айтматовтың ерекшелігі - заманымен, ғасырмен бірге дамыған адам. Ол тек ғана суреткер емес, терең ойшыл. Кейбір шығармалары өткен мен бүгінгі заман емес болашаққа көз тастайды", дейді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов. Оның пайымдауынша, өз дүниетанымы арқылы адам санасын дамытуға ықпал ететін осындай ерекше күші бар жазушылар бізге өте қажет. Олардың шығармаларын жаңадан оқып шығып, зерттеп, ерекшелігін жақсы білу керек. Ол қоғамның дамуына бағыт-бағдар береді.