ұрпақтар сабақтастығын сақтауға үндейтін "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет" атты повесі сахналанды.
Қойылымның премьерасын тамашалауға өнерсүйер қауым көп жиналды.
Бұл спектакль - режиссер Талғат Теменовтің көзімен суреттелген. Оқиға желісі бойынша бір әулеттің төрт ер азаматы қайықпен ашық теңізге аңға шығады да, қою тұман арасында үш күн бойы жолдан адасады. Әлдері құрып, әбден шөл қысып, шаршаған ересек үшеуі құмырадағы соңғы бір жұтым суды ұрпақ жалғастығы аман қалсын деп, араларындағы ең жас балаға қалдырады да, бірінің ізінен бірі ақырғы сапарға аттанады.
"Осындай қайғы-қасіретке толы дастанды жас көрерменге түсінікті етіп жеткізу оңайға түспеді. Ең негізгісі - біз Шыңғыс Төреқұлұлының ойын, философиясын, лирикасын сахнаға шығардық. Өйткені көрермен соны қабылдайды, көрермен соны бағалайды",-деді спектакльдің режиссері Талғат Теменов.
Оның айтуынша, қойылым жақын арада Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде өтетін «Көк Тәңірі» атты театрлар фестиваліне қатысады.