Алматыда синтетикалық есірткі сататын 128 сайт бұғатталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарты жылдың ішінде 183 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 76 факті бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсызайналымнан 62 кг астам есірткі тәркіленді. Атап айтқанда, 669 грамм героин, 24кг гашиш және 36 кг марихуана. Интернетке мониторинг жүргізу арқылы есірткі препаратын сататын сайттарды анықтаймыз. Бұл жұмыстартұрақты түрде жүргізіледі. Биыл осындай 138 сайт ашылған, оның 128-і бұғатталды», - дейді Алматы ПД Есірткіге қарсы күресбасқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Алматыполициясы есірткі сатуға қатысты ақпаратты арнайы мобильді қосымша арқылы қабылдайды.

«KazCyberSystems»отандық компаниясымен бірлесе отырып, арнайы жүйе әзірледік. Тұрғындар есірткі бизнесімен айналысатын, қылмыстық әрекеттерге барған адамдар туралы ақпаратты бізге жолдауға мүмкіндік алды. Қажетболса, сурет және бейне форматтағы мәтінді де жібере алады. Бұл жүйе әзірге Алматыда қолданылыпжатыр. Алдағы уақытта барлық өңірлердеіске қосылады деп күтілуде. Жаңа бағдарлама ақпарат жіберушіге есірткі құралдарының «кэштері»,олардың ықтимал пайдаланылуы, сатылуы, тасымалдануы, есірткі бизнесін жүргізіпотырған қылмыскерлердің мекенжайларытуралы хабарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтар бұл ақпаратты жасырын бере алады. Бұл бағдарлама тек ақпарат қана қабылдайды. Хаталмасу платформасы емес екенін атап өткім келеді. Stoptraffic қосымшасы Android PlayMarket жүйесіндегі мына сілтеме арқылы қолжетімді. Болашақта біз IPhone құрылғыларына өтінім әзірлеудіжоспарлап отырмыз», - деді Талғат Беркінбаев.

Соңғы жаңалықтар