Екі күндік бұл шара кезінде Қазақстан-Словакия университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесулер өтіп, пікірсайыстар жасалмақ. Онда Словакияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Душан Подгорски "Словакия халықаралық сауда серіктесі ретінде", "Словакия - туристік әріптес" деген тақырыптарда дәріс оқымақ. Бағдарламада сондай-ақ, Халықаралық бизнес университетінің оқытушылары мен студенттері арасында Братиславадағы Экономика университетінің профессоры Ярослав Култанның дәрісі де жоспарланып отыр.
17:04, 26 Қаңтар 2011
Алматыда Словакияның білім, мәдениет және бизнес күндері өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде Словакияның білім, мәдениет және бизнес күндері басталды.