Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына сәйкес, сәуірдің соңына дейін соғыс мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендер мен еңбек майданына қатысушыларға бір реттік төлем беру жоспарланып отыр. Алматыда мұндай азаматтардың саны 18 мыңнан асады.
Осылайша, 206 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы және мүгедектер - 1 млн теңгеден, 4 мыңнан аса адам – 100 мың теңгеден, 14 мыңға жуық адам 50 мың теңгеден 1 реттік көмек алады.