Алматыда соғыс жылдарындағы әндер балконнан шырқалып жатыр
Алматы әкімдігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен бірлесіп, Жеңістің 75 жылдығына орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді. Барлық іс-шара елдегі төтенше жағдай режимін ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуынсыз өтеді.
9 мамырда қалалықтар әскери әндерді тұрғын үйлердің балкондарында тұрып орындайтын болады.
Барлық концерттік нөмірлер бейнекадрға түсіріліп, одан әрі әлеуметтік желілерге орналастыру үшін фильм-концертке біріктіріледі.
Театрдың жетекші солистері халықаралық конкурстардың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының вокалдан дәріс беретін оқытушысы Айдос Жабағин ¬- «Жеңіс күні» әнін, Абай театрының солисі Дулат Тоқанов сахналас әріптестерімен бірге «В бой идут одни «старики« фильмінен - «Смуглянка« әнін, Ләззат Бірімғазина бірнеше ұрпаққа жалғасып келе жатқан «Катюшаны« қазақ және орыс тілдерінде орындады.