Тұрғыт Озал көшесімен оңтүстікке бағытталып келе жатқан Митцубиси Делика көлігі Қарасай батыр көшесімен жоғары өрлеп келе жатқан Лексусты соғып кетті.
Делика жүргізушісінің айтуынша, Лексус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
Соққыдан екі көлік те бір жақ бүйіріне қисайып қалды.
Көлік жүргізушілері ауруханаға барудан бас тартты.
17:54, 11 Қыркүйек 2017
Алматыда соқтығысқан екі көлік аударылып қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соқтығысқан екі көлік аударылып қалды. Жол апатынан ешкім жапа шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.