Шара бағдарламасының аясында оңтүстік астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен Солтүстік Қазақстан қолөнері шеберлерінің көрмесі өткізіледі.
Жәрмеңкеге аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Бұл күні кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Солтүстік Қазақстан облысының жетекші шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт өтеді.