Алматы әкімі келтірген мәліметке сәйкес, қалада коронавирус індетін соңғы тәулікте 640 адам жұқтырған. Оның 574-і симптомды, 66-ы симптомсыз, анықталмаған пневмония – 4.
«Бүгінде қуаттылығы 5200 төсек орынға ұлғайған инфекциялық стационарларда барлығы 1947 пациент, оның ішінде 168 бала емделуде. Сонымен қатар, науқастардың 55-інің жағдайы өте ауыр, 428-і ауыр, 1464 орташа ауырлық дәрежеде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде барллығы 133 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 46, High flow аппаратында – 42»,- деді әкім.
Сонымен қатар, ол қалада санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ушыға түскенін тілге тиек етті.
Дельта нұсқасына қатысты КВИ дертінің едәуір өсуі жалғасуда. Соңғы 7 күн ішінде КВИ-дің симптомды ауруларының үлес салмағы өткен 7 күнмен салыстырғанда 2 есеге өскен, 53%-дан 88%-ға дейін, бұл КВИ-дің ауыр клиникалық көрінісін қалыптастыратын дельта нұсқа айналымының тез таралуы салдарынан болуда.
«Соңғы 2 аптадағы жас құрамының талдауы дельта нұсқасының жоғары контагиозды болуынан балалар мен жастарға вирус тез жұғуда: 2%-ға төмендеуіне қарамастан 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 13%-дық жоғары күйінде қалуда; 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында дерттің ең жоғары деңгейге 3,4%-ға (39%) асқынуы үлкен алаңдаушылық тудыруда. Сондай-ақ 40-59 жастағылар арасында жұқтыру деңгейі – 25%, яғни, әрбір 4-ші адам инфекция жұқтырған. 60 жастағы аға буын арасында жұқтырудың үлес салмағы 1,6%, бұл иммундану мен мобильділіктің төмендігінің нәтижесі»,- деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі қалалықтарды коронавирустың алдын алудың ең тиімді әрі жалғыз қорғаны болатын вакциналану қарқынын төмендетпеуге шақырды.
«14 шілдедегі жағдай бойынша 615 661 адамға вакцинаның I компоненті егілді. Өткен тәуліктерде вакциналанғандар: 15 257 адам. Екпе алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 91 263 адамды құрайды»,-деді қала басшысы.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және СОСО 212 вакцинация (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар) пункті жұмыс істейді. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.