Алматыда сот залынан айыпталушы қашып кете жаздады

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыдағы сот залынан қашып кетпек болған қылмыскердің айласы іске аспай қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат, ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат деген азамат сыбайлас екі досымен түрмеде отырып топтық қарақшылық шабуыл жасаған қылмысы үшін кеше сот залына қайта келді. Үзіліс жарияланған уақытта айыпталушының әпкесі «ИЖ-79» тапаншасы жасырынған кітапшаны ешкімге білдіртпей айыпталушыға берген. Бір уақытта қатысушыларды тапаншамен қорқытқан Қайрат темір қоршауы жоқ қамау орнының терезесін сындырып, дәлізге шығып қашып кетпек болған. Бірақ та сотқа қатысушылар мен прокурор көмекшілері керекті шара қолданып қашқынды құрықтады.

Айыпталушының әпкесі де қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК 28-бабы бойынша қылмыскерге көмектеспек болды деген айып тағылуда. Ал қылмыскердің өзі адам өлтіру мен зорлау ісі бойынша 22 жылға бас бостандығынан айырылған. Қамауда отырған ол бостандықта жүрген екі досы арқылы қарақшылық шабуылдары мен қысым көрсету істерін ұйымдастырған.