Алматыда сотталушы түрмеден қашып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті. Арнайы жедел-іздестіру шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық-атқару жүйесі баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 ақпанда ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу оқшаулағышы) сотталған 1987 жылғы Д.Т. Давутовтың қашып кету фактісі тіркелген.

«Алматы полициясының департаменті аталған фактімен Қазақстан Республикасының 426-бабымен сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп нақтылады ведомстводан.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҚАЖ комитеті басшылығының қатысуымен қызметтік тексеріс тағайындалғаны хабарланып отыр.

Оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады.