Айтуынша, жаңа ереже стационарлық емес бөлшек сауда нысанының сыртқы түріне қойылатын талаптарды белгілейді (СЕСН). Стационарлық емес сауда нысанының эскиздік жобасы аумақтың сәулеттік-көркемдік келбетін, эстетикалық сипаттамаларын сақтай отырып, қасбеттердің сызбасы мен нысанның стилі, сондай-ақ айналадағы ғимараттардың сәулеттік және қала құрылысы шешіміне сәйкес келуі керек.
«Кәсіпкерлік субъектілері стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде жаяу жүргіншілердің еркін жүріп-тұруын (жаяу жүргіншілер тротуарының бөлігінің ені кемінде 1,5 метрді құрайды), мүгедектерге және басқа да аз қозғалатын топтарға, халықтың, төтенше жағдайларда арнайы көліктердің кедергісіз кіруіне, өрт сөндіру бөлімшелеріне, апаттық – құтқару құралдарының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кіруіне жағдай жасауды қамтамасыз етуі керек. Айта кету керек, стационарлық емес сауда нысандарын орнату мен орналастырудың жаңа ережелері елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Жаңашылдық «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға сәйкес мүмкін болды», – дейді Берік Солтанбаев.
Сонымен қатар ол жаңа ережелерге сәйкес, тауарлардың ұқсас ассортиментін сататын ұқсас стационарлық бөлшек сауда нысандарының болмауы орналасу орындарын анықтаудың міндетті шарты екен жеткізді.
«Қоғамдық тамақтандыру объектілері сондай-ақ орналасқан жерінен жиырма метрден аспайтын қашықтықта инженерлік желілерге (су құбыры, кәріз, электр қуаты) қосылу нүктелерін қажет етеді»,-деді ол.
18:02, 10 Ақпан 2023
Алматыда стационарлық емес сауда нысандарының сыртына қатысты жаңа талаптар пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 24 қаңтарынан бастап, Алматы және қала маңындағы аумақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары күшіне енді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.